Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тапсырмалар нақтыланып, жоспарлар талқыланды

07.04.2016 3356 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған жиналыс өтті. Жиналысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.

Қала және аудан имамдарына арналған жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған шаралар нақтыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Атап айтар болсақ, қайырымдылық шараларын күшейту, мешіт жанындағы сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру, қоғамдық орындарда мешіт тарапынан тазалық жұмыстарын жүргізу секілді тапсырмаларды сапалы атқару тапсырылды.

Сонымен қатар, ең бастысы жаназадағы ысырапшылық мәселесіне имам-молдалардың жіті көңіл бөлуі, оған жол бермеу мәселесі кеңінен айтылды. Қала және аудан имамдарының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ақпараттандыру жұмыстарына мән беруі де сөз болды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру