Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінің жамағаты білікті теолог, «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлымен кездесу өткізіп, әсерлі уағызына қанықты. Ақшам намазынан соң мешіт жамағатына «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл бейнесі» тақырыбында сөз қозғаған Қабылбек Әліпбайұлының уағызы тыңдаушыларын тарих тереңіне сүңгітіп, адамзаттың ұстазы болған ұлы тұлғаның ғұмырынан ғибраттануға жетеледі.
«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы қызметіне жақында тағайындалған Бағдат Абдукаримов жамағатқа алдағы уақытта кешкі уағыз жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын жеткізді. Мешіт мінберіне Астана қаласындағы білікті дін мамандары шақырылып, түрлі тақырыптар көтеріліп отыратыны мешіт жамағатының да ризашылығын тудырып, мерейін көтеріп тастады.
Бекітілген жоспар бойынша, «Әл-Ғани» мешітінің жамағатымен келесі аптада «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқанов шақырылып отыр.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.04.2016
4275
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру