Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев ақтаулық студенттермен кездесті (ФОТО)

06.04.2016 3721 0 пікір

Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы КМТЖИ университетінде РАНТ мүшесі, белгілі дінтанушы Арман Қуанышбаев студент жастармен жүздесті. Аймақ жастары дін ұстазымен кездесуге аса құштарлық танытты, оған дәлел - оқу ордасының Акт залында ине шаншар орын болмады.

А.Қуанышбаев өз уағызын «Дін және отансүйгіштік» тақырыбында жүргізді. Өз ұлтыңа адал қызмет ету, оның барлық құндылықтарын қадірлеу, басшыға бағынып, оның бұйрықтарына бойұсыну туралы насихатын жеткізген Арман ұстаз ислам дінінің қоғам ішінде бейбіт өмір мен тәртіп сақтауға шақыратынын айтты.

Студент жастардың дін уағызшысына қояр сұрағы көп болды. Қағаз түрінде жүзден астам сауалдар түсіп, оның бірқатарына тұщымды жауап берілді. 

А.Қуанышбаев студенттерді толғандырған сауалдарға жауап беріп, теріс ағым өкілдерінен сақтану керектігін, намаз оқудың парыз екенін, ата-анамен көркем қарым-қатынаста болып, олармен жақсы мәміледе болу керектігін жеткізді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру