«Ислами оқу орындары және олардың теріс түсініктерге қарсы тұрудағы рөлі»... Нұр-Мүбарак университетінің 15 жылдығына орай мамыр айының соңында өтетін халықаралық конференция осылай аталмақ. Бұл туралы Мысырда «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма және Қазақстанның ЕАР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Берік Арын мырзалардың кездесуі барысында белгілі болды.
Каирдегі Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұманың қабылдауындағы кездесудің негізгінен «Нұр-Мүбарак» университетінің 15 жылдығына орай өткізілетін халықаралық конференцияны жан-жақты талқылау болатын. Кездесу барысында халықаралық конференцияда; жаңсақ пікірлердің шығу тарихы, араб тілі және діни орталықтар, медреселердің қазақ жеріндегі теріс діни пікірлерді жоюдағы орны, «Нұр-Мүбарак» университетінің тура діни білімді қалыптастырудағы рөлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазақ жеріндегі дәстүрлі ислам дінін дамытудағы орны туралы мәселелер қамтылатыны бекітілді.
Айша Кеңесбай
Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.04.2016
3483
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру