ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, ауыл молдаларына «Ислам және зайырлы қоғам» атты он күндік семинар басталды.
Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, имамдардың білікті, жан-жақты білімді болуы келешегі кемел елміздің жастарының елін сүйетін иманды болуына орасан зор әсер ететіндігін жеткізді.
Семинар барысында имамдарға Құран, Ақида, Фикһ пәндері бойынша және Қазақстан мұсылмандарының ТҰҒЫРНАМАСЫ, Мұсылманның тұлғалық бейнесі, Имамның тұлғалық келбеті, ҚМДБ қызметкерінің ЭТИКАСЫ жайлы дәрістер оқылатын болады.
Имамдардың біліктілігі мен білімі жетіле түссе жамағатымыздың саны артып, жат пиғылды ағымдардың жетегінде жүргендердің саны төмендейтіні сөзсіз.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.04.2016
3388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру