Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзендік жамағат Арман Қуанышбаевпен кездесті (ФОТО)

04.04.2016 3875 0 пікір

Республикалық үгіт насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев өкіл имам С.Сейтбековтің арнайы шақыруымен  Маңғыстау облысына келді. Іссапарын Жаңаөзен қаласынан бастаған Арман Қуанышбаев ондағы орталық мешітте мыңнан астам жамағатпен кездесіп, уағыз насихат жүргізді.

Сондай -ақ Теңге ауылдық және Рахат ауылдық мешіттерінде де РАНТ мүшесімен кездесу ұйымдастырылды.

Еліміздегі жетекші уағыз насихат жүргізуші дін өкілі болып саналатын Арман Қуанышбаев жаңаөзендік жамағатқа өз насихатын «Пәтуа берудің үкімі», «Ер мен әйелдің міндеттері» тақырыптарында жүргізді.

Төрт күндік іссапар барысында А.Қуанышбаев екі күнін Жаңаөзен қаласына арнап, екі күнін Ақтау қаласындағы мешіттерде өткізбек.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру