Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауырмалдылыққа шақырған дастархан

04.04.2016 3534 0 пікір

Дәстүр мен дінімізді байланыстыра отырып, жастардың діни сауатын арттыру үшін Атырау өңірінде бірнеше келелі жобалар жүзеге асырылуда. Жат ағымның жетегінде кеткен қандастарымыздың көпшілігі бүгінде Әбу Ханифа мәзхабын ұстанып, тура жолға бет бұруда.

Мұның барлығы дін саласында жүрген мамандарымыздың еңбектерінің жемісі. Бауырмалдылық пен ауызбіршілікті нығайтып, хақ дінімізді насихаттау мақсатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы әр айдың соңында дәстүрлі түрде жамағатқа айлық отырыс ұйымдастырып келеді.

Наурыз айында да бұл үрдіс өзінің жалғасын тапты.  26 наурыз күні құптан намазынан соң мешітте жамағаттың басы ақ дастарханда қауышты. Бұл жолғы айлық отырыста дінтанушы, ұстаз Қанат Жұмағұл «Сапарға шығу және оның әдептері» тақырыбында уағыз насихат айтып, сапар кезіндегі мұсылмандар үшін сауап әкелетін пайдаларға да тоқталып өтті.

Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға Бас имам Батыржан Мансұров жауап берді.

«Иманғали» орталық мешітінің  баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру