ҚМДБ-ның жанындағы «Жастар ісі» бөліміне Қарағанды облысы бойынша өкілдікке Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы тағайындалды.
Жұма күні өңірдің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жаңа басшыны жамағаттың алдында арнайы сайлады. Бұған дейін өкілдің көмекшісі болып жұмыс атқарған, таяуда ғана наиб имамдық қызметке орналасқан Мұсабеков Нұржігіт діни іс-шараларды өткізуде алдына жан салмайтын қызметкерлердің бірі. Сондықтан да өкіл имам жаңа басшының жастар ісін дөңгелетіп алып кететініне сенім білдірді.
«Жастар – ел болашағы» деп өскелең ұрпақтан үлкен үміт күткен халық екеніміздің дәлелі болса керек, діни басқарманың жанынан ашылған бұл бөлім талай игі бастамаларға ұйытқы болып келеді. Әрі қарай да алған бағытымыздан таймай, ертеңгі елдің ұйтқысы болар жастарды тәрбиелеуде аянып қалмаймыз», – деді жаңа басшы.
Облыстағы тағы бір ауыс түйіс Абай ауданында болды. Қарағанды облысы, Абай ауданы мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Жаңа имам бұған дейін Қарағанды облыстық орталық мешітінде ұстаздық қызмет атқарған Қуатбеков Асқар Мейрамбекұлы.
Жаңа имамды Жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Кәрсембай Дархан арнайы барып, сайлап қайтты. Жаңа имам өңір халқымен танысып, жұмысына кірісіп кетті.
Аудан тұрғындарының діни ахуалын жақсарта түсу үшін жұмыла жұмыс істейтіндерін айтты жаңа имам.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.04.2016
3505
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру