Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесіне Ақтөбе облысының әкімі алғыс хат табыстады

04.04.2016 4492 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үлкен іс – шараларының бірі – РАНТ яғни Республикалық ақпараттық-насихат тобы. Оның мүшелері елімізге танымал аптал сауатты азаматтар. Оларды діни басқарма шаңырағы аясына жинаған Бас мүфтидің еңбегі ерен. Міне, сол азаматтардың бірі Арман Қуанышбаев Ақтөбе облысына ат басын бұрды.

Ақтөбе өкілдігі тарапынан алдын-ала Ақтөбе облысы бойынша жүргізілетін бес күндік дәрісі жоспарланып, шалғай аудандарды қамту іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл игіліктің өткізілуіне Ақтөбе облыстық Әкімдігі, барлық облыстық құқық қорғау мекемелері және жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты бір азаматтай жұмылдырылды.

Әуелгі кездесу болашақ дін мамандарымен яғни Ақтөбе медресесінде өтті. Одан кейінгі Алға, Мұғалжар, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласының тұрғындарымен жүргізілді. Жалпы, он бес нүктеде он мыңға таяу адамды қамтыған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті Ақтөбе елі бұл қадамдарға дән риза. Осыған орай, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев ат басын бұрып, Діни басқарма жұмысына лебізін білдіре отырып, Арман Баймаханұлына Алғыс хат табыстады. Жергілікті ақсақалдар алқасы иығына хан шапан жауып, батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру