Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жандандыру мақсатында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қалалық Шәкәрім университетінде «Ислам және зайырлы қоғам» атты тақырыпта студент жастармен кездесті.
Кездесу барысында сөз алған өкіл имам: «Қазақ халқы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата діні – Исламды саналы түрде жүрек қалауымен қабылдады.
Байтақ даланың тұрғындары рухани негіздерін Исламнан тауып, діннің адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды байыта түсті.
Зайырлы қоғамдағы мемлекет пен дін арасындағы өзара байланыстың орнын айқындап, дін ұстанушы азаматтарды патриотизмге тәрбиелеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, қоғамда жалпы адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау – әрбір азаматтың міндеті деп санаймыз», - деді өкіл имам.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алуда. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.04.2016
3329
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру