Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Орал орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, «Дұға құлшылықтың мәйегі» турасында уағыз айтты.
Жұма намазына жиылған жамағатқа: ««Дұға» пендені Раббысына жақындатып, оның ішіндегі уайымын сейілтіп, Раббысынан үміттендіріп, жан-дүниесін жеген уайым-қайғысын Раббысына тапсыртатын құлшылық. Дұға жасау арқылы адамның Раббысына деген тәуекелі арта түседі. Егерде дұғасына жауап бірден қайтарылса, оның Раббысына деген махаббаты артып, қуанғаннан қуанышы қойнына сыймай кететіні анық», - деді өз сөзінде Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық мешіттің жанындағы «Ақсақалдар» алқасының мүшесі Ғұмар Құмаров ҚМДБ-ның жұмыстарына игіліктер мен береке тілеп, батасын берді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.04.2016
3541
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру