Ақжайық өңіріндегі облыстық қазақ драма театрының кіші залында облыс, қала, аудан, ауыл имам-молдалары мен медресе ұстаздарының қатысуымен ҚМДБ тарапынан қабылданған жеті бағытқа негізделген құжаттар бойынша сынақ алу жұмыстары қорытындыланды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы аясында облыс көлемінде сынақ алу жұмыстары болып өтті. Сынақ алуға ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов қатысты.
Батыс Қазақстан облысының сынақ қорытындысы бойынша ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 43 мешіттің 70 діни қызметкерлер қатысып, оның 17 дін қызметкері «өте жақсы», 26 «жақсы», 26 «қанағаттанарлық» деген баға алса, 2 мешіт қызметкерге қайта сынақтан өткізілуге жіберілді. Бір имам науқастанып қалуына байланысты келе алмады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.04.2016
3556
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру