Бүгін БҚО облыстық қазақ драма театрында «Зайырлылық және жоғары руханият-дәстүрлі таным негізі» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның БҚО бойынша барлық имам-молдалары, медресе ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлерінің заманауи білімін жетілдіру, уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Өкіл имам Руслан Сұлтанов жақында Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық-насихат тобы мен Жергілікті ақпараттық-насихат тобының жетекшілеріне арналған «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференция өткен болатын. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлының игі бастамасы әр өңірде өз жалғасын тауып келеді. Осыған орай Ақжайық төрінде «Зайырлылық және жоғары руханият-дәстүрлі таным негізі» атты дөңгелек үстелдің өтеуі үлкен серпіліс болатындығын жеткізді.
Дөңгелек үстелге арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің Жалпы және Жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлын, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Талғат Рақымұлын, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы және өлкетану» ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі Жанабек Жақсығалиев қатысты.
Алтынбек Ұтысханұлы «Ислам және зайырлы қоғам» атты тақырыпта баяндама жасап, асыл дініміздің құндылығын айтып, көпшілік қауымды отансүйгішке, бірлікке, ынтымаққа шақырса, Жанабек Жақсығалиев «Дін- зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты баяндамасында тың дүниелерімен, тағылымды ойларымен таң қалдырды.
Шарада 2015 жылдың ҚМДБ-ның атқарылған іс-шараларының жиынтығын бейне-баян арқылы көпшілік қауымға көрсетілді.
ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2016
4241
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру