Алла Тағаланың жер бетіне жіберген ең сүйікті елшісі, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Дін – насихат» деп айтып кеткен. Яғни, асыл дінімізді насихаттап, халықты жақсылыққа, имандылыққа шақыру да сауапты амалдардың бірі.
Бұл орайда, елімізде ақпараттық-насихаттық шаралар тұрақты әрі көптеп ұйымдастырылып келеді.
Осы мақсатта Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының республикалық ақпараттық насихат топ мүшесі, «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Қабылбек Жұмабеков іс-сапармен Сыр елінде болды.
Өзінің Сыр еліне жасаған сапарында Қ.Жұмабеков облыстың Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарында және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болып, мешіт жамағаттарымен арнайы кездесулерге қатысып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Уағыз-насихат жұмыстары барысында РАНТ мүшесі дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жат ағымдардан сақтану турасында мағыналы насихатын жеткізді.
Ұстаздың уағыз-насихатына қатысқан халық өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алып, еркін сұқбаттар құрды.
Өз кезегінде қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын да жеткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2016
3837
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру