Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак студенттері дінтанудан жіңімпаздар қатарында

01.04.2016 3752 0 пікір

«Нұр-Мүбарак» университетінің дінтану мамандығы бойынша білім алушы студенттер жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық дінтану және теология  пән VІII олимпиадасында топтық құрамда жеңімпаздар қатарында. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қожа Ахмет Яссауидің 850 жылдығы» тақырыбы аясында наурыздың 30-31 күндері екі күн бойы білімдерін сынға салды.

Еліміздің дінтану мамындығын даярлайтын 6 университеттен келген студенттік топтар арасынан «Нұр-Мүбарак» университетінің «Дінтану» кафедрасы атынан құрылған топ жүлделі екінші орынға ие болды.

«Нұр-Мүбарак» университеті «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Қалмахан Ержан әлеуметтік желі арқылы қуанышымен бөлісіп, оған жұртшылық ізгі тілектері мен құттықтауларын білдіріп жатыр.

«Нұр-Мүбарак» университеті еліміздегі «Исламтану» мамандығы бойынша маман даярлайтын бірегей оқу орны  әрі мұнда  «дінтану», «екі шет тілі» мамандықтары да оқытылады. Білікті ұстаздар, Мысырдағы Әл-Азһар университетінің доктор, профессорлары дәріс береді. Ал дінтану саласы бойынша студенттердің жеңісі Нұр-Мүбарак университетінің дәрежесін айқындай түскені даусыз. 

Айша КЕҢЕСБАЙ,
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру