Ислам дінінің өркен жаюына еңбек ететін имамдар мен молдалардың сауатты болуы, діни, саяси сауаттылығына бүгінгі таңда жіті көңіл бөлінуде. Осы орайда ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес республиканың барлық аймақтарында имамдар мен молдалардың білімін жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен өңірімізде қала имамдары арнайы білімін жетілдіру семинарынан өтті. Ендігі кезекте қала молдалары бір апталық арнайы семинардан өтуде.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұйымдастырылған семинарды ұстаз Гаджиев Мұхтар жүргізуде.
Семинар барысында қала молдаларына Құран, көркем уағыз, молдалардың әдебі төңірегінде сабақтар өтуде.
Қатысушыларға семинар соңында арнайы сертификат табысталатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2016
3627
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру