Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүгедек жандардың үйіне барып дәріс беру бастамасы

01.04.2016 3442 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмасымен «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты айлық жарияланған болатын.

Осы шара аясында мүгедектерді жан-жақты қолдау, оларға қайырымдылық жасаумен қатар, рухани көмек берудің де маңызы зор екендігі аян.

Өскемен аймағының өкілдігі әсіресе қайырымдылық және сауат ашу бағытында мүгедек жандарға үйіне барып дәріс беруді қолға алуды қала, аудан имамдарына міндет еткен еді.

Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Күршім аудандық мешітінің» ұстазы Құмарбек Нәжет аудан орталығында тұратын мүгедек жандардың үйіне барып дәріс беруді бастады. Жүріп-тұруы оңайға соқпайтын жандардың мешітке келіп тұрақты дәріс алуына қиындық туатындығы белгілі

«Құраннан және әліппеден сауат ашқысы келетін мүгедек жандар бар. Олардың өтінішін орындап үйіне барып дәріс беру аса қажетті іс. Дәріс алып жүрген жандар бұл бастамаға алғыстарын білдіруде. Алдағы уақытта бұл бастама өңірдің барлық мешіттерінде жүзеге асатын болады» , деп атап өтті өкіл имам.

Бұл бастаманы шығыстан басталған игі іс ретінде еліміздің әр түкпірінде іске асары анық.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру