Нұр-Мүбәрак университетінің оқытушысы, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлының Талдықорған өңіріндегі ақпараттық-насихат жұмыстары басталды.
Атап айтқанда, Талдықорған өңірі, Текелі қаласының мәдениет үйінде және Талдықорған өңірі Ескелді ауданы Қарабұлақ орталық мешітінде жергілікті тұрғындармен, мешіт жамағатымен жүздесіп: «Ислам әрқандай ұлтты дәстүрінен, тілінен айырмайтын бейбіт дін. Әрбір мұсылман баласы сол ислам дінін түсініп, дұрыс бағытта ұстанып, бейбіт түрде өмір сүрулері керек!» деген РАНТ мүшесі «Ислам - бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз-насихатын айтты.
Сондай-ақ, Текелі қаласындағы кездесу барысында Текелі қалалық мешіті мен Текелі қалалық дін істер басқармасы бірлесе отырып «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауап» атты кітапшаларды жамағатқа таратты.
Екі кездесуде де өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алған тұрғындар, шәкірттер мен дінтану пәні мұғалімдері дінтанушыға алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде өңірдің өкіл имамы Серікхан Ахмадиев жамағатқа және халықты уағызымен сусындатқан ұстазымызға алғысын білдіріп, белсенді жұмыс атқарған ауыл имамдарын ақшалай жане мақтау қағазымен марапаттады.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2016
3580
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру