Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әз Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі!

31.03.2016 3421 0 пікір

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде әз-Наурыз айының құрметіне ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Әз Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі!» атты мерекелік шарасы болып өтті.

Алдымен дәстүрлі түрде «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» акциясы аясында мешіт ауласына жеміс ағаштары отырғызылды.

Әз Наурыз мерекесімен құттықтау үшін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, ОҚО Дін істер басқармасының басшысы Батырбек Жалмұрзаев, Қайырымдылық мекеме басшысы Аманкелді Есей, «Ықылас» қарилар дайында орталығының басшысы Қалиолла Маджанов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қамбар қажы Жұмжай, ОҚО Әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Нұржан Тұрсынбай т.б. зиялы қауым өкілдері мерекемен құттықтады.

Мерекені әрін кіргізу үшін ұлттық ойын түрлерін кезек берілді. Атап айтқанда, арқан тарту, қол күрес, кір көтеру түрлерінен сайыс өтті.

Сайысқа ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және Асхат Мәуленовтер төрелік етті. Барлық ойынға қатысушыларға өкілдік тарапынан баға сыйлықтар табыс етілді.

Облыстық мешіт ауласына «Шымкент» медресе-колледжі, «Ықылас» қарилар дайындау орталығы және «Жібек жолы» мекемелері киіз үйлер тігіп, көпшілікке мерекелік дастархан жайды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру