Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда діни қызметшілер сынақ тапсырды

31.03.2016 3693 0 пікір

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен ү.ж. 29-30 наурыз аралығында Павлодар облысында қызмет етіп жүрген барлық имам, молда, наиб имам, азаншы және ұстаздарға кезекті аттестация жүргізілді. Оған облыстың қала, аудан діни қызметкерлері және «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстаздары, қатысты.

Нақтырақ айтқанда, 63 - имам-молдалар, 14 - наиб имам, 7-азаншы, мешіт ұстазы – 11, медресе ұстазы – 3 барлығы 98 діни қызметшілер қамтылды. Түрлі себептермен 14 діни қызметкер сынаққа қатыса алмады.

Сынақты ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің басшысы Тұрдыбаев Камалжан мен ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі Исенов Нариман қабылдады.

Дін өкілдері ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжаттан, яғни, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Дін мен дәстүр» бағыттары сондай-ақ, діни пәндер бойынша сынақтан өтті.

Сынақ комиссиясының хаттамасы бойынша жалпы қорытындыны алдағы уақытта арнайы хабарлайтын болады.

Дәстүрге айналып келе жатқан бұл шара дін мамандарының ілімін арттырып, біліктілігін күшейтіп отыруға жол ашатыны сөзсіз.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру