Павлодарлықтар Ұлыстың Ұлы мерекесі әз Наурыздың құрметіне орай әртүрлі игі шараларды бір ай бойы жалғастыруды көздеген. Соның бірі ретінде Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің Жастар ісі бөлімі мен қалалық «Қайырымдылық қорының» бірлесіп ұйымдастыруымен Павлодар қаласында тұратын 25 қарт адамға ерекше құрмет көрсетілді.
Трамвай басқармасы АҚ-ның арнайы жобасымен іске асқан «Трамвай-кафесінде» қарияларға дастархан жайылып, наурыз көже таратылып, қала көшелерімен жүріп өткен вагон ішінде өнерпаз жастар концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, төрге шығарылған аталар мен әжелерге тамаша көңіл-күй сыйланды. Трамвайдағы әдеттегі жүргіншілер де бұл сыйға қарқ болып қарттармен бірге шаттанып, мерекелік «Трамвай кафе» ішін думанға бөлеп қала көшесін бірге аралады.
Осы игі бастаманы ұйымдастырушылардың бірі Гаухар Бақизы бұл тектес шаралар жиі өткізілетінін тұратын болады деді. Айта кету керек, аталмыш шараны өткізуде демеуші азаматтар мен орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті өз үлестерін қосты.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2016
3137
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру