Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Жезқазған қаласына іс-сапармен барып, жамағатпен жүздесіп қайтты.
Қаймағы бұзылмаған асыл дінімізге күйе жағып, мұсылманның арасына іріткі салатындар көбейгендіктен дін жанашырлары халыққа ақиқатты айтып, ауызбіршілікке шақырудан шаршаған емес.
Өкіл имам Жезқазған және Сәтбаев қалаларының мешіттерінде болып, жұртшылыққа уағыз айтты. Алтау ала болса ауыздағы кетеді демекші, дін өкілі түбі бір мұсылманды ауызбіршілікке шақырып, шынайы мұсылман бір-біріне жамандық жасамаған адам деп, ислам тарихына үңілді. Расымен де, «ислам» деген ұғымның өзі бейбітшілік дегенге саятыны белгілі.
Өкіл имам айдағанның арбауында кетпей, бейбіт елдің қадірін түсінейік деп, бірлігі жарасқан ел болу басты мақсат екенін айқындап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2016
3683
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру