Бүгін БҚО облыстық қазақ драма театрында ҚМДБ-ның БҚО бойынша барлық имам-молдаларды сынақтан өткізу басталды.
Сынақтан өткізуге облысқа қарасты қала, аудан, ауылдық мешіттерде қызмет ететін имам-молдалар мен медресе ұстаздары қатысуда. Жалпы 70 қызметкер сынақтан өтеді.
Имамдар ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттардан: «Қазақстан Мұсылмандарының тұғырнамасы», «Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту», «Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беру тұжырымдамасы», «Дін мен дәстүр» бағыттары бойынша сынақтан өтеді.
Ақжайық төріне арнайы келген ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін айтып, осы уақытқа дейін діни басқарманың істеліп жатқан іс-шараларын бейне-баян арқылы айтып жеткізді.
"Қабылданған құжаттарды өзіміздің бойымызға сіңіріп, ел-жұртқа насихаттап, сынақтан өту дін мамандарының ілімін арттырып, біліктілігін күшейтіп отыруға жол ашпақ" - деді Алтынбек Ұтысханұлы.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2016
3513
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру