Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам шәкірттермен кездесті

30.03.2016 3303 0 пікір

Діни ілім алудың маңызы жайлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  мына бір хадисі көп нәрсені ұғындырғандай. Яғни, Алла Елшісі: «Расында, ілім иелері – пайғамбарларлың мұрагерлері», - деген.

Осы орайда, өңірімізде жастарды діни ілім алуға шақыру, Ислам дініне қызмет етуге ықпал жасау бағытында біршама нақтылы шаралар атқарылып келеді.

Соның бірі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының жас шәкірттермен кездесуі.

Т.Омаров Сарыағаш медресесінде ілім алушы шәкірттермен кездесіп, елдегі діни ахуал, ілім алудың маңыздылығы жайлы сұхбат құрып, жастарды аймағымызда еңбек етуге шақырды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда имам болудың жауапкершілігі мен діни сауаттылықтың өзектілігі тұрғысында да сөз қозғады.

Өз кезегінде шәкірттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ризашылығын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру