Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйелдер жамағатының игі шарасы

30.03.2016 3682 0 пікір

Жаңаөзен қалалық мешітінде намазхан әйелдер жамағатының ұйымдастыруыменен «Аналар - асыл жандар» атты шара өтті. 

Қазақы ұлттық нақышта киінген он ару өздерінің білімдерін сарапқа салып, дін мен дәстүр тақырыбындағы сұрақтарға, еліміздің әдет - ғұрыптары мен өнегелі салттары жайында білгендерін ортаға салды.

Мешіттің сауат ашу курсының әйелдер жамағатының ұстазы Базаргүл Әбубәкірқызының айтуынша, бүгінде діни сауатын ашып, сабаққа  тұрақты түрде 70 әйел адам қатысады. Оның ең үлкені жасы сексенде болса, ең кішісі тоғыз, он екі жасар мектеп оқушылары. 30 әйел кісі Құранды толық ережісмен меңгеріп алған болса, қалғандары үйрену үстінде.

Жиын соңында қатысушылардың барлығына мешіт тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру