Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сынақ жұмыстары қорытындыланды (ФОТО)

29.03.2016 3719 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қала, аудан, ауыл имам, молдаларының қатысуымен ҚМДБ тарапынан қабылданған жеті бағытқа негізделген құжаттар  бойынша сынақ алу жұмыстары қорытындыланды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы аясында үстіміздегі жылдың 5-28 наурыз аралығында облыс көлемінде сынақ алу жұмыстары жүргізілген еді.

Сынақ алу жұмысын үйлестіру үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек арнайы қатысқан болатын.

Сынақ қорытындысы бойынша,  жалпы облыс бойынша ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 791 мешіттің 1062 діни қызметкер қатысып, 126 дін қызметкері «өте жақсы», 429 «жақсы», 292 «қанағаттанарлық» деген баға алса, 16 мешіт қызметкерлеріне қайта сынақтан өткізілуге жіберілді.

Мұнымен қатар,  «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-колледжі, «Ықылас» қарилар дайындау орталығы және «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесінің ұстаздар қауымы сынақ тапсырды. Жалпы, сынаққа 100 ұстаз қатысты. Қорытынды бойынша 42 ұстаз «өте жақсы», 57 «жақсы», 1 «қанағаттанарлық» деген баға берілді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру