Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық шара жасалды

29.03.2016 3654 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жастар ісі бөлімі мен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры бірлесіп қайырымдылық шарасын өткізді.

«Жақсылық қылсаң өзіңе» деп аталатын шарада тұрмысы төмен отбасыларға киім кешек таратылды. Барлығы алпысқа жуық адамға ересектер және балалар киімі берілді.

Шараны ұйымдастырушы мешіттің жастар ісі бөлімінің басшысы Елдар Атибеков сауапты іске мешіт жамағаты ат салысқанын айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру