Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Азан жарысы өткізілді

29.03.2016 4207 0 пікір

Ислам дінінде азанның алар орны ерекше екені белгілі. Азан - ислам дінінің бес парызының бірі - намазға шақыруды білдіреді. Осы намазға шақыруды білдіретін «Азан» жарысын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша мешіт шәкірттері арасында жыл сайын сайыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен биыл да қалалық мешіттерде шәкірттер арасында «Азан айтудан» сайыстар ұйымдастырылды.

Қалалық «Айтбай» мешіті мен «Нұр» мешітінде өткізілген сайыстарға барлығы 25-ке жуық шәкірттер қатысты.

Намазға шақыру үшін айтылатын - азанның маңызы зор болғандықтан, азаншыға қойылған талаптар - даусының зор болуы, азан дұғасын жатқа біліп, сауатты айтуы назарға алынды.

Нәтижесінде үздік деп танылған шәкірттер мешіт тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру