Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алып шаһардағы әз-Наурыз

28.03.2016 3973 0 пікір

«Дін және тарих тағылымы» жылы аясында Наурыз мерекесі Алматы қаласының мешіттерінде өз деңгейінде аталып өтті.

Алматы қаласының халықпен тығыз жұмыс жасауды мақсат еткен имамдары мерекелік түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Мешітке келушілерді ұлты мен ұлысына бөліп жармай татулық пен бірлікке шақыратын мешіттеріміз елімізді мекен еткен ұлттардың басым көпшілігі үшін ұлттық мейрам болып табылатын көктем мерекесімен жамағатты құттықтады.

Тек құттықтап қана қойған жоқ, «Наурыз» мерекесіне орай кей мешіттердің ауласына ақ дастархан жайылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Дүйім жамағат наурыз көже ішіп дастарханнан дәм татып, көктемгі төл мерекеміздің жылуын сезінді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Алматы орталық мешіті Наурыз мерекесінде «Аналарды ардақтайық» атты игі шара  ұйымдастырды. Ақ дастархан басында жыйылған аналар түрлі сайыстардан сынға түсіп, жүлделі орынардан көрінгендеріне сый-сияпат тарту етілді.

Сондай-ақ Бас имам Нұрбек қажының бастамасымен мешітімізде 200 литр Наурыз көже пісіріліп жамағатқа және қала тұрғындарына таратылды.

Одан өзге көмекке мұқтаж жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға мерекелік дастархан болатын қайырымдылық қоржындары таратылды.

Осындай ізгі шаралар қаланың аудандық және өзге ірі мешіттерінде жалғасын тапты. Қаланың ірі мешіттерінде жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұлттық ойындар өткізілді, оның ішінде арқан тарту, гір көтеру, қол күрестіру ойындары болды. Мешіт жамағаты және әсіресе олардың ішіндегі жасөспірімдері мерекеге белсенді түрде ат салысты. Жеңімпаздарға бағалы және қаржылай сыйлықтар берілді. 

«Дін және тарих тағылымы» жылы аясында ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тағамдарды жиналған қауымға көрсетіп, тұсау кесу, баланы бесікке бөлеу дәстүрлері қойылым ретінде көрсетіліп насихатталды. 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру