«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөз бар. Дініміз бойынша ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Осындай сауапты істі жүзеге асыру мақсатында 26 наурыз күні мешіт жамағаттарына сенбілік ұйымдастырылды.
Ақтау қаласының іргесіндегі Атамекен ауылында жаңа ашылған №12 орта мектеп ауласына Мұнайлы аудандық мешіт жамағаттары болып 100 түп ағаш екті. Сенбілікке Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков, Мұнайлы аудан имамы Айдос Муталиев және аталмыш мектептің директоры Китанов Қайрат мырза қатысып, ағаш екті.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.03.2016
3608
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру