Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белсенді жастар бейқам күн кешпейді

28.03.2016 3690 0 пікір

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен Астана қаласынан арнайы келген ҚМДБ-ның Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгеруші Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шараға  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Атап айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Уалихан Болатбек, ҚМДБ-ның Жастар ісі бойынша Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Аманбаев, ҚМДБ-ның Жастар ісі бойынша Тараз қаласындағы өкілі Бахтияр Амиреев, «Ақ-Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзал Есенұлы, «Жастар ресурстық орталығы», КММ-нің жастар ұйымымен жұмыс және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, «Панорама» ақпараттық орталығының директоры Бауыржан Мөрбеков, Жеке психолог Ләззат Мырзашева, «Тараз-Достар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исланбек Дастан, ТарМУ студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Файзулла Нағашбайұлы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Сержан Култаев, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған «Қыздар сауат ашу курсының» ұстазы Зейнеп Үсенова, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы «Ақпарат және талдау орталығы» КММ басшысы Айбек Ажиев, «Данияр и КЖК» директоры Данияр Өмірбеков, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Шайхиев, Жамбыл облысы «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Серікбол Берікқожа, Тараз қалалық «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының басшысы Абылайхан Кәріпбаев, сондай-ақ, «Ақ жол», «Арай», «Жамбыл-Тараз» сынды басқа да газеттердің тілшілері бас қосты.

Алтынбек Ұтысханұлы жиналған қауымға Жастар ісі бөлімінің мақсатын түсіндіріп, шет елдерде діни білім алып жатқан жастардың мәселелерін көтеріп, жастармен жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Құран мен Конститутцияның ұштасып жатқандығына шариғаттан және заңнан дәлелдер келтірді.

 Жиында Данияр қажы Жұмабаев соңғы уақытта жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, «Зайырлылық пен Ислам» турасында сөз сөйледі. 

Қоғамдағы жастар мәселесін көтерген бұл жиын әрбір белсендінің көкірегіндегі сауалын ортаға салды. Дөңгелек үстелге қатысқан ұйымдар алдағы уақытта бірлесе қызмет қылуға ниетті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешіті

««

««

««

««

««

««

««

««

««

««

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру