Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында тойланып жатқан Наурыз мерекесінің құрметіне Талдықорған қаласының мешіттері өз үлестерін қосты. «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында Талдықорған қаласындағы Жастар алаңында көпшілікке арналған қазақы киіз үйлер тігіліп, ақ дастархан жайылды.
Дүйім халыққа арналып дайындалған 350 литр наурыз көжеден дәм татқан көпшілік «Бесік жыры», «Қымыз пісіру», «Жүн түту», «Ұршық иіру», «Саятшылық» және «Әженің ертегілері» атты көріністерді тамашалаумен болды.
Игі шараға арнайы ат басын бұрған облыс басшысы А. Батталов «Нәрестеге есім қою» атты ұлттық рәсімге қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. ҚМБД-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев тігілген киіз үйлердің біріндегі «Дін және тарих тағылымы» тақырыбы аясындағы қазақтың ұлттық қол өнері көрмесімен облыс әкімі А. Батталовты таныстырып өтті.
Қазақтың ұлттық киімін киінген имамдар әр бір қонақты құрметпен қарсы алып, қазақтың батырлығы, серілігі іспетті қасиеттерін насихаттап, көпшілікке барынша силықтар таратты. Қалың жамағатқа ұйымдастырылған байқау жарысында діни сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге бағалы силықтар үлестірілді.
Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.03.2016
4500
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру