Білекте күш, ойда жігер жинаған қазақ атты қайсар елдің ата дәстүріне сіңген ұлық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы. Көктем шуағымен мамырлап елімізге береке әкелген мезгіл айтулы ұлтты ұйыстырған Әз Наурыз мерекесімен тағы да бұқараның басын біріктірді.
Ел болып жиналып, бірлік пен ынтымақты арттырар ұлыс мереке бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде орын алуда. Бүгін «Кеңесхан қажы» мешітінде аталмыш мерекеге орай мешіт жамағаты мен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бірлесе «Әз Наурыз» мерекесі аталып өтілді. Халықты қуанышқа бөлеген іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, қала имамдары мен ақ жаулықты әжелер, "Кеңесхан қажы" мешітін тұрғызушы демеушілер, қалың бұқара, БАҚ өкілдері қатысты. Данияр қажы бүкіл халықты бір отауға жинаған ұлыстың ұлы күнімен баршаға құттықтау айтты.
Мешіт алдында киелі қазақ үй түрғызылып, жастарға арналған алтыбақан құрылды. Айтулы мерекеге орай, қайырымдылық науқаны жүргізіліп, 16 отбасыға сыйлықтар табысталды. Қоғамдық қордың дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, балаларға арналған батут құрылды. Бүлдіршіндердің көңілдері көтеріліп, қызықты ойындар ойнады.
Ақ дастархан жайылып, дүйім жұрт дәстүрлі наурыз көжеден дәм татты. Әжелер немерелеріне ілімді болсын деп дұға тілеп, тұсау кесер өткізді.
Тіршілік түйіткілі күнкөріс күйбінімен өтіп жатқан жетіде баршаны дүр сілкіндіріп, дін мен дәстүрді сабақтастырған бұл іс-шара баршаның мерейін үстем еткен-ді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі





















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.03.2016
3674
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру