Үш ай қысты артқа тастап, шадыман шаттығын жетелеп көктем де төрімізге келді. Самарқанның көк тасы жібіп, алыстағы ағайынның сағынысып көрісетін Наурыз мерекесі биыл да ырысымен, жақсылығымен табалдырығымызды аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Қар еріп, көктің шыға бастайтын бұл кезді жұртшылық қуана қарсы алады.
Баршаның аузы аққа тиетін уақыты да осы мезгілге сай келеді. Халқымыз үшін ерекше дəстүрлі Наурыз мерекесін "Иманғали" орталық мешіті биыл алғаш рет мешіт ауласына киіз үй тігіп, ұлттық ойындарымыздан жарыстар ұйымдастырып үлкен деңгейде тойлады. Жамағатқа арнайы кұрылған киіз үйге дастархан жайылып, Наурыз көжеден халық дəм татты.
Мешіт ауласына Наурыз мерекесін тойлауға жиылған жұртшылықтың санында шек болмады. Атырау жұртшылығын "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Наурыз мерекесімен құттықтап: "Баршаларыңызға Наурыз мерекесі құтты болсын! Алла Тағала əрқайсымыздың отбасымызға бақыт, береке беріп, жылдан жылға аман қауышуымызды нəсіп еткей. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын. Артымыздан өсіп келе жатырған ұрпақтарымыз салиқалы болып, тəуелсіз Қазақ елінің көк туын желбірете берсін" деген тілегін білдірді.
Керемет көңіл күймен тарқасқан тұрғындар да өз кезегінде мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, елімізге тыныштық, Елбасымызға амандық тіледі.
"Иманғали"орталық мешітінің
баспасөз қызметі













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.03.2016
3758
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру