Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешітінде "Ата баба салты - ұрпаққа өнеге" атты сайыс өтті

25.03.2016 3975 0 пікір

Наурыз мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйелдер жамағаты арасында "Ата баба салты - ұрпаққа өнеге" атты сайыс болып өтті. Қазақ халқының игі дәстүрін бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіріп, жас өскіннің жадында сақталу мақсатында өткізілген шараға онға жуық мұсылман қыз-келіншектер қатысты. Олар сайыс шарты бойынша мақал-мәтел айтудан жарысып, киіз үйдің жабдықтарын таныстырды. Сондай-ақ, ата дәстүріміз айшықталатын көрініс қойып, әдет-ғұрыпқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Білімдерін ортаға салып, қазақ халқының салттары мен жөн-жоралғыларын көпшілікке көркем түрде насихаттады.

Игі шараны ұйымдастырған облыстық орталық мешіт ұстазы Гаухар Жұмағалиева мен Мұнайлы аудандық мешітінің ұстазы Қалбибі Ыбырайымқызы шәкірттерге тек діни білім беріп қана қоймай, дін мен дәстүр негізін қалаудың маңызын атап өтті.

Сайыс соңында әділ қазылар шешімімен  барлық сұраққа мүдірмей жауап беріп, өзінің  биік парасатын көрсеткен "Ар Рахман" мешітінің шәкірті 16 жасар Әбдірәсіл Разия жеңімпаз деп танылды. Кейінгі орындарды облыстық мешіт шәкірттері  Айсұлу Сәрсенбаева мен Ардақ Нұрғазиева бөлісті.  Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру