Қазақ халқына бата құны жоғары киелі сөз. «Үйінде атасы бардың берер батасы бар» деген қазақ батаны қарт адамның ризалық сезімі, өсиетті ой тұжырымдары, жақсы тілегі деп біледі. Ал, батаны кімдер берген? Ежелден қадірлі қария, атақты батыр, дуалы ауыз билер, шашасына шаң жұқпайтын шешен, арқалы ақындар, ойшыл кемеңгерлер, қарт кісілер, көпті көрген абыз ақсақалдар, өз ісінің хас шебері, халық арасында жас болса да бас боларлық жолы мен жөні бар адам берген.
Сәулелі күніміз жарқырап, тоңымыз еріп, күн мен түніміз теңеліп, мерейлі Наурыз айы қарсаңында «Дін мен дәстүр» аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешіті «Ата сөзі – бата сөз» атты рухани іс – шараны өткізді. Игіліктің басын Бисмилләдан бастаған, батамен жалғаған, дәстүрмен үйлестірген, иманынан ажырамаған қазақ елінің ақсақалдары сахнаға шықты. Шараны арнайы алыс жолдан келген Астаналық ақын Арман Бердалин және Қарағандылық Айтбай Жұмағұлов басқарды. Айтбай ақын арнау айтты, Арман ақын өлеңдер жинағын оқыды. Бірінен бірі асып түскен баталар мәйегі жиналған қауымды ұйытты.
Қазақта «Жылу жинау» деген дәстүр бар. Екі жыл бойы жинаған қаражатына салған үйі бір күнде өртеніп, отбасымен біреудің сарайын паналап жүрген А.Ойлыбай азаматтың басындағы жағдайынан бейне дерек көрсетіліп, Ақтөбе мешіттері қаржылай әрі азық-түлік, киім-кешекпен жәрдем көрсетті.
Жарысқа төрелік еткен қос ақын қарт көңілдерді бөле жармастан, барлығына жылы лебіздерін білдіре отырып, алғыс хат пен сый-сыяпатты бөліп берді. Соңында халық тігінен тік тұрып, дуалы аталардың батасын қабыл алды.



Қарт көңілге сый
ҚМДБ-ң Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілдігі әз Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласында орналасқан «Қарттар» үйінде мерекелік іс-шара өткізді. Бұл үйде әрі мүгедектер де орын алған екен. Арнайы Наурыз мерекесіне бағытталған ізгі шараның негізгі мақсаты – кірбің шалған көңіл мен қайғы басқан жүздерге қуаныш сыйлау. Шара барысында ұлттық әндер орындалды, дәстүрлер көрсетілді, көркем сөзді жырлар оқылды. Қайырымдылық шарасы бойынша киім – кешектер таратылды.
Деніңе саулық Инабат!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.03.2016
7258
0 пікір



+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру