Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттегі жаңа тағайындаулар

24.03.2016 3954 0 пікір

Осы аптада Ақмола облысының бірқатар мешіттері жаңа діни мамандармен толықты.  Облыс орталығындағы «Науан Хазірет» мешітіне Бас мүфтидің бұйрығымен жаңа наиб имам  Нұрлан Бақбасаров тағайындалды.

Ол 2000 жылы Пәкістанның Карачи қаласында діни институтты бітіріп, еліміздің бірқатар мешіттерінде әртүрлі қызметтер атқарды. Ал, осы қызметке тағайындалмас бұрын Астана қаласындағы Әл-Ғани мешітінде бас имам болып қызмет істеген еді.

Сонымен бірге, Ерейментау ауданының бас имамы болып көп жыл мінсіз қызмет етіп, жуырда ауыр науқастан кейін қайтыс болған Орал Тоқмағамбетовтың орнына аудандық мешітте азаншы қызметін атқарған  Жандос Базарбеков тағайындалды.


Облыс имамы Қанат Қыдырмин аталған тағайындауға өзі арнайы қатысып, жергілікті жамағатпен кездесу өткізді. Ауданның бұрынғы имамының атына өзінің жылы сөзін арнады. Осы жылдар ішінде Ереймен жерінде асыл дініміздің өркендеуіне сүбелі үлесін қосқанын да атап өтті.

Бақыт Смағұл,

Ақмола облысы.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру