Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті 21-наурыз күні таңертеңнен түске дейін мешітке Құран бағыштатуға, неке қидыруға және намаз оқуға келген барлық жамағатты әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жақсы бата-тілектер айтып, арнайы жайылған дастарханнан дәм татырып, наурыз көже үлестірді.
Жамағат бір-біріне «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деген жақсы тілектерін айтып, бір-біріне мерекелік жылы лебіздерін білдіріп жатты. Сондай-ақ мереке қарсаңында шетелдерден келген қонақтар да мешіт дастарханынан дәм ауыз тиіп, ұлтымыздың төл мерекесінің бастамасына тәнті болды.
Сонымен қатар мешіттің жастар ісі бөлімінің бастауымен мешіт жамағаттары мен шәкірттері арасына гир көтеру, арқан тарту, қол күрестіру сайыстары ұйымдастырылып жүлделі орын иеленгендерге өкіл имамның алғыс хаты, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ



Сауапты істерге ұмтылайық!
«Жақсылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады»,-деген ұлылардың сөзі бар. Егер адамдар бір-біріне көмектесуді үйренбесе, онда адамзат ұрпағы жер бетінен мүлдем өшеді деп те айтады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады». («Сәбә» сүресі, 39-аят),-деген.
ҚМДБ Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі 24-наурыз күні Жыл басы-Наурыз мерекесінің құрметіне орай ет, азық-түлік, киім-кешекпен барлығы 50 отбасына қайырымдылық көмек жасады. Бұл көмеккке қаладағы кәсіпкер азаматтар да қолғабыс жасап, құрмалдыққа шалған қой, сиыр еттерінен 19 отбасына үлестіріп берді.
Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла Тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
mazhab.kz

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.03.2016
4174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру