Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әз-Наурыз «Бекет-ата» мешітінде

23.03.2016 3697 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялауына орай, республика мешіттері осы бағытта көптеген шаралар атқарып келеді.

Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде аудан мешіттерінің ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты рухани мерекелік іс-шара өтті.

«Бекет-ата» мешітіндегі мерекелік шараға Алатау ауданының ақсақалдары мен мешіт жамағаттары қатысты. Ауданның Бас имамы Орынбасар қажы Дәуренбеков келген қонақтарға алғыс айтып, мерекелік шараға сәттілік тіледі.

Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз мерекесінде ақсақалды қариялардың, ақ самайлы әжелерге дастархан жайып, дастархан басында ақ баталарын беріп, келген қонақтарға мешітімізде арнайы дайындалған наурыз көжелер ұсынылды.

Сонымен қатар, «Бекет-ата» мешітінің жанынан ашылған «Уақып» қоры 1 жылдың ішінде ауданымызға қарасты жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беріп келеді.  Әз-Наурыз мерекесінде «Уақып» қоры ауданымызға қарасты жағдайы төмен 20 отбасыға 1 айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Және де мешіт ауласына бүлдіршіндерге арналған батут қойылып, концерттік бағадарламалар ұсынылды. Бағдарламада қазақтың қара домбырасы, қобыз және сырнай сынды аспаптармен күйлер ойнатылып, цирктің таланттары және дарабоз жігіттер осы мерекеде өз өнерлерін ортаға салып, бүлдіршіндерді бір қуантты. Көңілдері шаттыққа толған бүлдіршіндерге әз-Наурыз қоржынынан тәттілермен ойыншықтар үлестірілді.

Аудан мешіттерінің белсене атсалысқан мерекеде қазақтың ұлттық ойындары қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес және бұқа тартысы, сондай-ақ үстел теннисі мен волейбол сынды жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаз болғандарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Табиғаттың жаңару мерекесін қуанышпен қарсы алып, бірін-бірі кешіріп, көптен көрмеген ағайынымен көрісіп, бір дастархан басында наурыз көже ішіп, Жаратқанға шүкіршілігін жаудыратын Наурыз мерекесінің тәуелсіз еліміздің тарихында алатын орны ерекше. Олай болса, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы барша жұртымызға құтты болсын!

Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру