Күн мен түннің теңескен, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы – әз Наурыз мерекесін ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы барлық мешіттер арнайы бағдарлама бойынша мерекелік шаралар ұйымдастырып қарсы алды.
Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті күн мен түн теңескен 21-наурыз күні таңертеңнен түске дейін мешітке Құран бағыштатуға, неке қидыруға және намаз оқуға келген барлық жамағатты әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жақсы бата-тілектер айтып, мешіт кіреберісінде арнайы жайылған дастарханнан дәм татырып, наурыз көже үлестірді. Осы аралықта аталмыш меркелік дастарханнан 200-ден астам жамағат дәм татып, әрқайсысы ыстық ықыласымен қоса «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деген жақсы тілектерін айтып, бір-біріне мерекелік жылы лебіздерін білдіріп жатты. Сондай-ақ мереке қарсаңында шетелдерден жүрген әртүрлі қонақтар да мешіт дастарханынан дәм ауыз тиіп, ұлтымыздың төл мерекесінің бастамасына тәнті болды.
Сонымен қатар мешіттің жастар ісі бөлімінің бастауымен мешіт жамағаттары мен шәкірттері арасына гир көтеру, арқан тарту, қол күрестіру сайыстары ұйымдастырылып жүлделі орын иеленгендерге өкіл имамның алғыс хаты, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.03.2016
3763
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру