Ақтөбе облысның әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітіне арнайы келді.
Мешіттің ішкі-сыртқы, күнделікті жұмыстарымен облыстық өкіл имам Нұрлан Байжігітұлы таныстырып, мешіт имамдары жамағатқа дәріс беруді қолға алғандығынан хабардар етті. Қала жұртшылығына жұмыстан тысқары жағдайларына қарай кез-келген уақытта облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінде дәріс алуына мүмкіндігі жасалынған. Осы шәкірттермен жекелей танысқан өңір басшысы ризалығын білдіріп, сұхбаттасты.
«Дәріс алу өте дұрыс. Сауатты саналы ең негізгісі – бақытты болуға жол ашылады. Сонымен қатар, теріс ағымдарға ілеспеуге білімді болудың маңызы зор. Ел ішінде дәстүрлі ислам мен ата-баба дәстүрі кеңінен таралуына себепші боласыздар» - деді облыс әкімі. Облыстық мешіттің жамағатымен, жастарымен кездесуде де әкім бірлікке, ынтымаққа үндеді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.03.2016
3323
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру