Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт қызметкерлері мұражаймен танысты

19.03.2016 3632 0 пікір

«Дін және тарих тағылымы» жылы аясында құнды жәдігерлер мен танысу, тарихымызды асыл дінімізбен ұштасқан тұстарын дәріптеу мақсатында «Өскемен орталық мешіті» ұжымы жамағаттармен және сауат ашу курсы шәкірттерімен бірге Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды.

Мұражай қызметкерлері ондағы жәдігерлерді таныстырып, олардың жеке-жеке ерекшелігіне тоқталды. Олар құнды мұралардың терең сырына қанық болды.

Сонымен қатар ұлтымыздың салт-дәстүрінен де баяндады. Мешіт қызметкерлері де дін мен тарихқа қатысты ойларын білдірді. Мұражай төрінде алма кезек пікір алысқан салиқалы сұхбат өрбіді.

«Дініміз ұлтымыздың тарихымен ұштасып жатқанынын байқаймыз. Қазақ халқы, біз, тарихы бай, дінін ардақтаған, өресі биік ұлтпыз. «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында дініміздің ұлт тарихына қатысты тұстары терең зерделенетін болады» дейді, шараны ұйымдастырушы «Өскемен орталық мешітінің» Бас имамы Бауыржан Жұмабеков.

Мешіт тарапынан тарихи-өлкетану мұражай ұжымына алғыс айтылды. 

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру