ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бастамасымен халқымыздың бай тарихын зерделеу, дініміздің тарихпен ұштасқан тұстарын терең зерттеп насихаттау, сол арқылы отансүйгіштікті ояту бағытында биылғы жылды Діни басқармадан «Дін және тарих тағылымы» жылы етіп жариялаған болатын.
Осы бағытта дәстүрімізді дәріптеу, тарихымызды тану, дінімізді ардақтау бағытындағы іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде айырықша қарқынмен атқарылуда.
ҚМДБ-дан өкілдіктерге Наурыз мейрамына орай ұлттық ойындарды жандандырып, елді бірлікке, татулыққа бастайтын шаралар өткізуді тапсырған болатын.
Өскемен аймағы өкілдігі жыл басы-Наурыз мейрамына орай «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында апталық шаралар жоспарын жасап, іске асыра бастады.
Мешіт жамағаттарының ат салысуымен көрікті мешіттің ауласына ақ шаңқан киіз үйлер тігілді. Киіз үй төрінде мешіт қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласындағы әртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқитын студент жастардың қатысуымен «Дін мен дәстүр» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Дастархан басында сұхбат түрінде өткен бұл шара өте қызықты жүрілді. Мешіт қызметкерлері жастарға дін мен тарихқа, салт-дәстүрге, ұлттық ойындарға қатысты қызықты деректер айтып берді.
Сонымен қатар оларға киіз үйдің құрылысы мен жасау-жабдықтарының аттары таныстырылды. Ат әбзелдерінің атауы, бүркітшілердің құралдары туралы да толық мағұлмат берілді. Соңынан шараға қатысушыларға Наурыз көжесі таратылды.
«Дін және тарих тағылымы жылы аясында өңірде дініміздің ардақтаған, салтымызды сақтап, тарихымызды таразылайтын шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл халықты отансүйгіштікке, бірлік пен татулыққа бастайды. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрлерімізбен ойындарымызды жандандыруға да ықпал етері анық» деп атап өтті өкіл имам, Ермек қажыТасболатұлы.
Мереке қарсаңында өңірде қайырымдылық және ұлттық ойындар секілді шоғырлы шараларды өткізу жоспарланып отыр
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.03.2016
4094
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру