Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарға жат ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді

18.03.2016 3835 0 пікір

Бүгінгі таңда жастардың Ислам дініне көптеп бет бұрып жатқаны баршаға аян. Сонымен қатар, жастарға тура жолды көрсетіп, адасушылыққа бой алдырмау, жат ағымдардан сақтану бағыты бойынша насихаттық шаралар да көптеп ұйымдастырылуда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындардында «Дін және жастар» тақырыбында бірнеше кездесулер өткізілді.

Кездесулерге қала имамдары қатысып, жастарға имандылық, жат ағымнан сақтану, білім алу турасында уағыз – насихаттарын жеткізді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алуда. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру