Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жақсылыққа жарысыңдар!» атты қайырымдылық акциясы

17.03.2016 3759 0 пікір

Қысылған жанға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау - асыл дініміздегі сауапты істің бірі. Өзге адамға көмек көрсету, жәрдемдесу де жүректерді жұмсартады.

Қайырымдылық ету - ҚМДБ-ның тапсырған төрт бағытының бірі. Игі бастама аясында әр облыста қайырлы істер жалғасын табуда. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен «Жақсылыққа жарысыңдар!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Игі бастамаға қала тұрғындары, мешіт жамағаттары, кәсіпкерлер атсалысты. Қайырымдылық шарасына ерлер, әйелдер, балалардың қысқы-жазғы киімдері мен ыдыс аяқтар жиналды. Сондай-ақ, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерімен қайырымдылық акцияға үлес қосқандар бар.

Қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қуаныш сыйлады. Жағдайы төмен отбасылар ұйымдастырушыларға және мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру