Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен ақ жаулықты аналарға дастархан жайылды.
Қасиетті Құран Кәрім оқумен басталған берекелі дастарханға Наурыз мерекесімен арнайы құттықтай келген, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келген қонақтарды айтулы мерекемен құттықтап, шариғаттағы ана орны жайлы сөз етті.
Шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы қыз баланың тәрбиесіне тоқталып, ұрпақтың текті болуында қыз баланың тәрбиеліне мән беріп, ат үсті қарамауға шақырды.
Ақ дастархан басында жыйылған аналар түрлі сайыстардан сынға түсіп, жүлделі орынардан көрінгендеріне ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат тарту етілді.
Келген қонақтар Діни басқармаға өз алғыстарын айтып, игі шараны ұйымдастырған Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, шараның өтуіне ат салысқан ҚМДБ Жастар ісінің Алматы қаласы бойынша өкілі Есім Ержанға сонадай-ақ мешіт шәкірттеріне ақ баталарын берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2016
3650
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру