Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аналарға арнап ас берілді (ФОТО)

16.03.2016 3072 0 пікір

Қарағанды облыстық орталық мешіті ақ жаулықты апалар мен аналарымызға, аруларымызға құрмет көрсетіп, дастархан жайды. Мешіттің асханасында 150-ге жуық жанға ас берілді. Оның ішінде көп балалы, отбасылық жағдайы төмен аналар, мешітке үнемі келіп, іс-шараларға ат салысып жүретін шәкірттер бар.

«Жәннат – ананың табанының астында» деп аталатын осынау кеш ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында қолға алынды. Рухани отырыста Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы сөз алып, әйел затына құрмет көрсету ең маңыздылардан екенін айта келе, ислам тарихындағы анаға деген ізгілік жайында тоқталып өтті. Сонымен қатар, өкіл имам мұндай дін мен дәстүр ұштасқан діни һәм рухани шаралардың көптеп ұйымдастырылуы келешек ұрпақтың болашағын жарқын ете түсетінін айтты.

Кеште дәстүрлі әншілер жырдан шашу шашты. Тағылымы мол уағыздар мен бейнероликтер де осы кеште орнын тапты.  «Жастар ісі» бөлімі мен «Зекет» қорының ұйытқы болуымен өткен осы сынды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру