Көктем мерекесіне орай ежелден келе жатқан ата салтымызға орай тұңғыш рет орталық мешітте сауат ашу курсында дәріс алып жүрген әжелер арасында «Батаменен ел көгерер» атты облыстық бата беру жарысы болып өтті.
Осынау танымдық, тағылымдық және ғибраттық мәні айрықша жарысқа ұрпақтарына ұлағатты сөздерімен үлгі болып отырған 12 әже қатысты.
Ақжайық жұртына сыйлы, дана, ақжаулықты әжелердің бірі, қазылар алқасының төрайымы Әсел Садыққызы, орталық мешітінің ұстаздары Бархыт Абдирова, Гүлжамила Ахметова төрелік етіп, барынша адалдық танытуға тырысты. Әрбір қатысушының бата беру мәнеріне, оның мазмұнына, тәлімдік жағына көп көңіл бөлді.
Ерекше тоқталарымыз, Ақжайық төрінде тілге шешен, сөздері көңілге қонымды, парасатты, дана әжелеріміз баршылық. Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақбал Досжанова жеңіс тұғырына шықса, екінші орынды Сәружан Мусина алса, үшінші орынды Өміртай Ақзила иеленді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Байқау соңында дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2016
3957
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру