Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ауласында жүзден астам жеміс көшеттері егілді. Өкіл имамның бастамасымен шараны ұйымдастырған мешіттің жастар ісі бөлімінің басшысы Елдар Атибеков игілікті іске жастарды жұмылдырды. Шараға «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының мүшелері мен облыстық Жастар ресурстық орталығы ат салысты.
Сондай-ақ, өкіл имамның шақыруымен облысқа ат арытып алыстан жеткен, Амал мейрамының арнайы қонағы Қазақстан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбай мешітке келді. Ақсақал өз қолымен ағаш егіп, оның жайқалып өсіп жеміс беруін тіледі.
Өкіл имам жастарға тал егудің пайдасы, пайғамбарымыз (с.а.с) айтқандай оны ертең құс жесе де сауабы болатынын айтты. Бас имамның айтуынша , егілген талдардың көбісі өрік, алма, шие, тұт секілді жеміс көшеттері болды. Егілетін жас талдарды мешіттің "Зекет қорының"Маңғыстаудағы өкілі Серік Хантөреев әкеліп, игі шараға өз үлесін қосты.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2016
3629
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру