Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша, Семей, Өскемен өңірлік өкіл имамдары Нұр-Мүбарак университетінің студенттермен жүздесті. Аймақтағы діни ахуал мен халықтың имандылыққа деген ынтасын, білікті мамандардың қажеттілігін жан-жақты саралап, өзара ашық әңгіме жүргізді.
Имамдар ел арасында еңбек етудің маңыздылығын, тек ел үшін ғана емес, тұлға ретінде қалыптасып, өмірлік тәжірибе жинауда таптырмас мүмкіндік екеніне тоқталды. Ал биыл Нұр-Мүбарак университетін бакалавриат бағдарламасы бойынша тәмамдайтын 139 студенттің 16-сы қыз балалар. Ал жалпы мемлекеттік білім гранты бойынша оқығандар саны 110. Айта кетсек, жыл сайын бөлінетін 150 білім грантының белгілі бір бөлігі медресе түлектеріне бөлінетіндіктен, олар 3 жылдық бағдарлама бойынша бакалавриат бөлімін бір жыл ерте тәмамдайды.
Осылайша мемлекет есебінен білім алған исламтанушылар ҚМДБ-ның жолдамасына сай аймақтарға аттанып, алған білімін ел игілігіне 3 жыл сарп етуі тиіс.
Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2016
3064
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру